Абай ауданында көп балалы отбасыларға баспана берілді

Абай ауданында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында бой көтерген үйлердің кілті көп балалы және аз қамтылған отбасыларға табысталды.
– Пайдалануға аудан орталығындағы Мамай көшесінен 16 пәтерлі тұрғын үй және Бекбосынов көшесінен қоспәтерлі үш тұрғын үй берілді. Ал Тоқтамыс көшесінде қоспәтерлі 13 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жұмыс барысымен арнайы барып таныстым. Алдағы уақытта осындай көпбалалы және аз қамтылған отбасылар жиыны 26 тұрғын үймен қамтамасыз етілетін болады. Жалпы биыл 32 көпбалалы отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз, – деді аудан әкімі Жарқынбек Байсабыров.
Салтанатты шара барысында Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, «Құрмет» Орденінің иегері Төлеген Жанғалиев пен аудандық кеңестің төрағасы Төлеубек Аманғазыұлы ақжарма тілектерінін арнап, ауыл ақсақалдары мен ақ жаулықты әжелер лентасын қиды.