KZ
Өскемен
-3°
пасмурно жел 1,9 м/с, ОШ
494.87 520.65 4.91

ШҚО: азық-түлік бағасына мониторинг жасалды

29.07.2022, 16:28 213

«AMANAT» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы мен Өскемен қалалық филиалы жанынан құрылған мониторингтік топ мүшелері қаладағы бірқатар сауда орындарын аралап, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы мен сапасына сараптама жүргізді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Арнайы жасақталған мониторингтік топтың құрамына партия жанындағы қоғамдық кеңес мүшелері, партиялық бақылау комиссисының мүшелері, қалалық мәслихат депутаттары кірді.

Сараптама барысында сауда орындарында әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің жеткілікті екені анықталды.

«Мониторингтік топ мүшелері кәсіпкерлерге бағаны негізсіз көтеру заң алдына жауапкершілікке алып келетіні жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді», - деп жазылған «AMANAT» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының баспасөз қызметінің ақпаратында.

Бұдан кейін де бағаны бақылау жұмыстары тұрақты түрде жүргізілетінін айта кетейік.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу