«AMANAT» партиясы қаладағы бір қатар мектептердің жаңа оқу жылына дайындығын тексерді.
«AMANAT» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Д.К. Ахметовтың тапсырмасына сәйкес Өскемен қаласындағы бірнеше мектпке көп балалы, аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды мектеп формасымен, аяқ киіммен, оқулықтармен қамтамасыз ету бойынша, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептердің жаңа оқу жылына дайындығына байланысты мониторинг жасалды.
Мониторингтік топтың құрамына «AMANAT» партиясы ШҚО филиалы атқарушы хатшысының міндетін атқарушы А.О. Байжанова, Облыстық мәслихаттың депутаты И.А. Чернышёва, Өскемен қалалық мәслихатының хатшысы А.А.Светаш, «AMANAT» партиясы Өскемен қалалық филиалының атқарушы хатшысы Арайлым Есімбекова және «AMANAT» ШҚО партиясы филиалы жанындағы Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өңірлік Қоғамдық кеңестің төрайымы А.В. Масалимова кірді.
«Біз мониторинг жасаған Өскемен қаласындағы №49, №48, №46, №6 мектептер бойынша халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларға көмек көрсету шеңберінде 1500 ден астам оқушы тегін мектеп формасымен және аяқ киіммен қамтамасыз етілетіндігі анықталды. Мемелекеттік қазынадан бөлінетін қаржыға сатып алынатын мектеп формаларының сапасына қатысты сұрақтарда туындауда. Әр мектептердігі формалардың сапасы әр түрлі. Мониторинг барысында ата – аналар тарапынанда мектеп формасының сапасына және аяқ киімдердің балалардың өлшеміне сай келмеуіне байланысты мәселелер көтерілуде. «AMANAT» партиясының өкілдері қаладағы жалпы білім беретін мектептердің жаңа оқу жылына дайындықтарына байланысты мониторинг жүргізу жұмыстары жалғасатын болады, - деп атап өтті «AMANAT» партиясы ШҚО филиалы атқарушы хатшысының м.а. Айгул Байжанова.
Тамыз айының 25 бесіне дейін қаладағы барлық мектептерде тегін мектеп формасымен және оқуға қажетті құрал жабдықтармен қамтамасыз ету жұмыстары аяқталатын болады. Мониторинг жүргізілген мектептер 2022-2023 оқу жылына толықтай дайын екендігі анықталды. Мектепте қажетті әрлеу және жөндеу жұмыстары жүргізілген.