KZ
Өскемен
-7°
туман Штиль
479.23 534.96 5.16

Шығыс Қазақстанда оқу жылының басынан бері 62 оқушы коронавируспен ауырды

23.10.2020, 08:58 169

1 қыркүйектен 13 қазанға дейін өңірде 62 оқушы коронавирус инфекциясын жұқтырған, оның ішінде 37 оқушы кезекші сыныптарда, қалған 25 оқушы қашықтықтан оқиды.

ШҚО тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі атап өткендей, вирус анықталған барлық мектептерде эпидемияға қарсы санитарлық-дезинфекциялық іс-шаралар жүргізілді.

Ауырғандардың ең көп саны, атап айтқанда 12 адам — Риддерде, 11 — і Алтай ауданында және Глубокое ауданында, 10-ы - Өскеменде, 7 — і Семейде, 5 — і Көкпекті ауданында, 2-і Шемонаиха ауданында және Курчатовта, бір-бірден оқушы Күршім және Катонқарағай аудандарында.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив