KZ
Өскемен
-11°
пасмурно жел 4 м/с, В
513.55 602.09 6.42

Өскеменге Зайсаннан жәрмеңке келеді

22.10.2020, 14:03 524

Алдағы сенбі күні облыс орталығына Зайсан ауданынан жәрмеңке келеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Зайсандықтардың ауылшаруашылық жәрмеңкесі екі жерде - «Fresh Market» және «Дос-Нар» сауда орталығының жанында өтеді. Таңғы сағат 8:00-де басталып, 15:00-ге дейін жалғасады деп жоспарлануда.

Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде кең ассортиментте жергілікті тауар өндірушілердің, шаруа қожалықтары мен фермерлердің қолжетімді бағадағы өнімдері ұсынылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу