KZ
Өскемен
-21°
туман Штиль
515.25 535.91 5.18

Үржарда күдікті полиция бөлімінде қайтыс болды. "Қинау" фактісі ме?

19.10.2020, 13:18 167

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Мақаншы ауылындағы полиция бөлімінде 33 жастағы күдікті қайтыс болды. Ол мал ұрлады деген күдікке ілінген. Азаптау дерегі бойынша іс қозғалды, деп хабарлайды ПД баспасөз қызметі.

Өңірде Сағат Мәдиев бастаған арнайы топ құрылды.

"Мен қазір Үржар ауданының Мақаншы ауылындамын. ҚР Ішкі істерминистрінің тапсырмасы бойынша орын алған жағдайды анықтап тексеру үшін арнайы келдім. Барлық мән-жай мұқият тексеріледі. Қажет сараптамалар, соның ішінде, патологиялық сараптама жүргізілді, нәтижелері әзірге дайын емес.

Үржар ауданының әкімімен бірге марқұмның туыстарына барып, оның достары мен жақындарының дәлелдемелерін тыңдап қайттым, олардың сұрағы қарастырылып жатыр. Марқұмның туыстары мен достарына тағы да қайғыра көңіл айтамын. Кінәлілер сөзсіз заңды түрде жазасын алады. Менің ұстанымым - объектив және әділ тергеу", - дейді ШҚО ПД басшысы. 

Оқиға  өткен аптаның жұма күні 16 қазанда болған. Қайтыс болған жігіт – Қаратұма ауылының тұрғыны. Жеке қауіпсіздік басқармасы азаптау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, процессуалдық прокурорлар тобы тағайындалды.

Марқұм ағасын іздеп ішкі істер бөлімшесіне келген інісі мақаншылық жағалылардың бірқатарынан қайғылы оқиғаға байланысты түсінік беруін сұрағанымен, мардымды жауап ала алмай тұрғаны көрінеді.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу