KZ
Өскемен
-7°
небольшой снег жел 3 м/с, СБ
521.81 543.67 5.05

Үржардағы оқиға. ШҚО әкімі кінәлілер жазаланады деп сөз берді

21.10.2020, 13:25 207

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Үржар ауданына жұмыс сапарымен барып, Мақаншы ауылындағы полиция бөлімшесінде қайтыс болған азаматтың отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

– Тас түскен жеріне ауыр, сондықтан қайтыс болған азаматтың туған-туыс, аға-бауыр, жора-жолдастарының қайғыларына ортақ екенімізді білдіріп, бұл жағдай Үкімет басшысының жеке бақылауында екенін жеткізгім келеді. Қазір ауданда облыс прокуроры, Полиция департаментінің басшысы бастаған арнайы топ тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Тергеу барысы заң талабына сай, әділ, ашық және жариялы түрде өтеді. Мен алдағы күндері ауданға тағы да келемін. Кінәлі тұлғалар заң бойынша жазасын алады. Кездесуге келген Мақаншы және Қаратұма ауылдары ақсақалдары мен тұрғындарының талап-тілегі де осы – деп жазды аймақ басшысы  Instagram парақшасында.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу