KZ
Өскемен
-7°
снег жел 2 м/с, ОБ
509.84 595.75 6.47

Тұрғын үйдің бірінші қабатындағы дүкен өртенді – Өскемен

19.10.2020, 07:09 326

Өскеменде тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан азық-түлік дүкені өртенді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Жалын төрт шаршы метр аумақты шарпыды. Дегенмен өртенген заттар қатты түтіндеді. Сол себепті өрт сөндірушілер 9 тұрғынды эвакуациялады. Оның ішінде 2 бала бар екенін айта кету керек.

– Өрт кезінде ешкім зардап шекпеді. Мамандар өрттің қалай шыққанын анықтап жатыр. Дүкендегі электрмен жабдықталған сөре бұл оқиғаға бірден-бір себеп болуы мүмкін. Құтқарушылар ескертеді: кәсіпкерлер нысанда өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауы тиіс. Әсіресе электр жабдықтарын түнде өшіріп кетуге кеңес береді, – деп мәлімдеді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

 

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу