KZ
Өскемен
-12°
плотный туман жел 1 м/с, С
498.55 524.28 4.75

"Лайм ауруы". Науқастанғандар Катонқарағай мен Риддерде көп

14.10.2020, 14:33 198

Биыл ШҚО-да кене энцефалиті бойынша медициналық көмекке 3974 адам жүгінді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалардың үлес салмағы - 35%. 

Кене шағудан зардап шеккен адамдардың ең көп саны Өскемен, Риддер қалалары мен Катонқарағай ауданының аумақтарында тіркелген.

2020 жылдың эпидемиялық маусымы басталғаннан бері Алтай, Глубокое, Катонқарағай, Көкпекті аудандарының және Риддер, Өскемен қалаларының аумақтарында кене энцефалитінің 21 расталған жағдайы, Алтай ауданында иксодты кене боррелиозының (Лайм ауруы) 6 жағдайы тіркелген.

- Сондай-ақ, осы жылы облыста кене риккетсиозының 6 жағдайы тіркелген, оның ішінде Зайсан ауданында 4 жағдай және Курчатов және Өскемен қалаларында бір-бір жағдайдан тіркелген, - дейді ШҚО Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Катонқарағай ауданы және Риддер қаласы - кене энцефалитімен сырқаттанушылық бойынша жоғары эндемиялық аумақ. Ааталмыш аумақтарда жалпы сырқаттанушылықтың орта есеппен 52%-ы тіркеледі.

- Барлық науқастар стационар жағдайында арнайы ем алып, жазылып шықты, - деп хабарлайды ведомстваның баспасөз қызметі.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу