KZ
Өскемен
-29°
туман жел 1 м/с, С
509.63 592.34 6.54

Өскеменде есірткі сатумен айналысқан фитнес жаттықтырушы ұсталды

14.10.2020, 09:33 377

Өскеменде полицейлер есірткі өткізумен айналысқан фитнес жаттықтырушыны ұстады, деп хабарлайды ШҚО Полиция департаменті.

"Есірткі қылмыстарымен күрес басқармасының қызметкерлері облыс орталығындағы  "Қарасора" жедел және алдын-алу шаралары барысында Өскеменде ұзақ уақыт марихуана сатумен айналысқан фитнес орталықтарының біріндегі жаттықтырушыны ұстады", - делінген хабарламада.

Күдікті қамауға алынды. ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Күдікті 10 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу