Алтайда ауыл шаруашылығы дами түсті – ШҚО
Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданында ауыл шаруашылығы саласы алға басып келеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
– Ауыл шаруашылығы саласы аудан экономикасының дамуындағы басым бағыттардың бірі. Алтай топырағының өте құнарлы екені көпшілікке белгілі. Сондықтан да өндірілетін өнімнің 75%-ы өсімдік шаруашылығына, қалған 25%-ы мал шаруашылығына тиесілі. Ауданда ең көп өсірілетін дақылдар – бидай, арпа, сұлы, қарақұмық, ал майлы дақылдардан күнбағыс және рапс бар. Сондай-ақ аудан халқын тұрақты жұмыспен қамтамасыз етуде мал шаруашылығы маңызды рөл атқарады, – дейді Алтай ауданының әкімі Қалихан Байғонысов.
Қазіргі уақытта аудан тұрғындарынан 5,7 мың тоннадан астам сүт сатып алынған көрінеді. Аудан басшылығы жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 6,5 мың тоннаға дейін жеткізуді жоспарлап отыр.