Алтай ауданы ауыл шаруашылығы саласында оң динамикаға қол жеткізді
Осы жылдың 10 айындағы Алтай ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы аудан әкімі Қалиқан Байғонысов облыстық телестудияда баяндады.
Аудан басшысы өңірде өнеркәсіп өндірісінің оң динамикасы сақталуда екенін айтады.
- Күзгі дала жұмыстары бүгін аяқталып жатыр. Аудан ауыл шаруашылығы саласында оң динамикаға қол жеткізді. Ауыл шаруашылығы - бұл облысымыздың экономикасының перспективалы салаларының бірі. Тағы бір маңызды бағыт - ауыл тұрғындарын жыл бойына жұмыспен қамтуға жағдай жасайтын мал шаруашылығы. Биылғы жылы ауданда Жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша 54 жоба жүзеге асырылды. Ағымдағы жөндеу жұмыстары ауданның 22 әлеуметтік нысанын қамтыды. Тұрғын үй-коммуналдық секторына ерекше назар аударылды, 8 жоба іске асырылды, - дейді аудан әкімі.