KZ
Өскемен
-6°
ясно жел 1 м/с, В
521.9 593.5 6.39

Судьялар мен полицейлерді арнайы адамдар бақылап жүреді

26.07.2019, 04:19 191

Елімізде сот және құқыққорғау органдарының қызметкерлерін бақылап отыратын арнайы бөлім құрылды. Жемқорлықпен күрес агенттігінің ішінен, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

– Сот, мемлекеттік сыңайлы сектор және құқыққорғау органдары қызметкерлерінің пара алған-алмағанын бақылап отыратын арнайы бөлім құрылды. Бұл – біздің басты міндетіміз. Осы жолда бюджет пен Ұлттық қордан көптеген қаражат бөлінгені бәріңізге мәлім, – деді астанада өткен брифингте аталмыш агенттік төрағасының орынбасары Олжас Бектенов.

Оның айтуынша, судьялар мен құқық қорғаушылардың пара алуы мемлекет пен қоғамның дұрыс жұмыс істеуіне кедергі келтіреді.

– Осы үшін де аталмыш салада былық-шылықтарды болдырмау агенттіктің үлкен жұмысы болып саналады. Арнайы дайындалған мамандар осы жолда қызмет қылады, – деді Олжас Бектенов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу