KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, СБ
480.61 534.53 5.28

«Әке, ана және мен!». Өскеменде эстафеталық жарыс өтті

1.12.2018, 08:11 440

«Әке, ана және мен!». Дәл осындай атаумен Өскемендегі О.Рыпакова атындағы жеңіл атлетика манежінде эстафеталық жарыс өтті. Жарысты трибунаға лық толған қалың жанкүйермен бірге қала әкімі Жақсылық Омар да тамашалап, барлық командаға сәттілік тіледі.


Тұңғыш Президент күніне орай өткен жарыстың ашылу салтанатына қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Алмас Атаев қатысып, барлық команда мүшесіне жылы лебізін білдірді.


Айта кетейік, бұл жарысқа 15 команда қатысты. Ата-аналар мен балалар арасындағы бәсеке аса тартысты өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, басты мақсат – салауатты өмір салтын насихаттап, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту.


Жарыс барысында әр команда сан қилы жаттығуларды орындап, белгіленген спорттық шаралардың барлығынан мүдірмей өтті. Осылайша, олар өздерінің сайысқа жақсы дайындықтарымен келгендерін іс жүзінде көрсете білді. Солардың бірі – Жанна Токушева.


– Мұндай отбасылық жарысқа бірінші рет қатысып отырмыз. Ойын өте тартысты өтетіне сенемін, - деді Жанна Токушева.


Жарыстың қорытындысы бойынша жеңімпаз командаларға бағалы сыйлықтар табысталып, мақтау қағаздары табысталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив