KZ
Өскемен
-8°
пасмурно жел 1 м/с, С
523.86 544.34 5.11

Облыстың нейрохирургтары 27 жастағы науқастың омыртқасындағы жарыққа ( грыжа) жоғары технологиялық ота жасады.

17.09.2024, 16:30 162 Қуаныш Рахметоллаұлы

Өскемендік Іңкәр Мантаева өзіне сауығуға көмектескен мамандар туралы айтып берді.

Науқастың сөзіне қарағанда, оны дерті 2022 жылдан бастап мазалай бастаған.  Облыстық мамандандырылған медициналық орталықтың инновациялық медицина бөлімшесінің нейрохирург-дәрігері Әбілқайыр Омарбек әйелде бел омыртқасының остеохондрозы болғанын айтады.

-Соңғы уақытта сол аяғымның бұлшық еті  сола бастағасын, мен тіпті оған салмақ сала да алмай қалдым. Дерттен ұзақ уақыт қиналдым.  Ауырсынуды басатын әртүрлі дәрі-дәрмек ішіп, ішкі ағзамды да  бұзып алдым, - дейді науқас.

Орталықтың дәрігерлері өте жылдам және жарақатсыз, ең бастысы тиімді емдеу жолын — хирургиялық араласудың аз инвазивті әдісін таңдады.

Енді, пациенттің өзі айтқандай, барлық ауырсынулар жойылған, қазір  ол өздігінен жүреді және ауруханадан шығуға дайындалуда. Сонымен қатар ол  нейрохирургтерді  жыл сайын 16 қыркүйекте бүкіл әлемде атап өтетін Хирург күнімен құттықтады.

-Клиниканың барлық хирург-дәрігерлеріне денсаулық, жақсылық  тілеймін және ризашылық білдіретін пациенттері көп болсын, — деді дертінен құлан таза жазылған Іңкәр Мантаева.

Орталықтың инновациялық медицина бөлімшесінің нейрохирургы Әбілқайыр Омарбектің айтуынша, медициналық көмектің осы түрі МӘМС аясында облыс тұрғындарына тегін көрсетіледі.

Айна Есенқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу