KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 3 м/с, СБ
487.37 532.94 5.09

10-14 қазан күндері облысымызда дәстүрлі халықаралық “Шығыс Салбұрыны” фестивалі өтеді.

Фотосурет ғаламтордан алынды

17.09.2024, 15:30 99 Қуаныш Рахметоллаұлы

 Бес елдің құсбегілері қатысатын бұл шарада қыран сайысы, тазы жарысы, асау үйрету, жамбы ату, теңге ілу сияқты және басқа да ұлттық ойындар көрсетіледі.

Кеше ғана өткен V дүниежүзілік көшпенділер ойындары номадтардың өмірі мен салт-дәстүрі Қазақстан туризмінің болашағы екенін тағы бір мәрте дәлелдеп берді. Сол себепті дүниежүзілік көшпенділер ойындарының эстафетасын Шығыс Қазақстан қабылдап алып, халықаралық фестивальді өткізбекші.

Ауқымды шара  жылдағыдай Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Бозанбай ауылының Бүркіт төбе алаңында өтеді.

Ұлы дала дүбірі естілетін бірегей фестивальда облыстың туризммен айналысатын кәсіпкерлері өз қызметтерін ұсынады.

Айна Есенқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу