KZ
Өскемен
+14°
ясно жел 1 м/с, С
478.96 533.03 5.22

Емханаларға тіркелу жүріп жатыр

Фотосурет ғаламтордан алынды

17.09.2024, 16:00 71 Қуаныш Рахметоллаұлы

ШҚО-да жеке тұлғаларды медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына бекіту науқаны жүріп жатқанын тағы бір еске саламыз. Тұрғындар ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен 1 қарашаға дейін өздері қалаған емханаларға  барып, тіркеле алады.

Өңірде медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін 25 медициналық ұйым жұмыс істейді.

-Тұрғындар емхананы таңдаған кезде  өзінің тұрғылықты мекен-жайына барынша жақын болуын ескергені дұрыс. Тіркелудің бірнеше жолы бар. ЭЦҚ болған жағдайда www.e.gov.kz электрондық үкімет порталында онлайн тіркелуге болады. "Денсаулық сақтау" бөліміне өтіп, "алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу" қызметін таңдау қажет. Ары қарай электрондық өтініштің барлық жолдарын толтыру қажет. Пациент туралы мәліметтерді емхана мемлекеттік ақпараттық жүйелерден автоматты түрде алады. Жауап оң болған жағдайда медициналық ұйымға тіркелгеніңіз туралы хабарлама келеді. Сондай-ақ емханаға барып та тіркелуге мүмкіндік бар, — деп еске салды ШҚО Денсаулық сақтау басқармасында.

Айна Есенқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу