KZ
Өскемен
+1°
переменная облачность Штиль
480.61 534.53 5.28

Өскеменде оқушыны қағып өлтірген жүргізушіге қатысты сот үкім шығарды

17.08.2018, 03:02 163

Естеріңізге сала кетсек, 16 мамырда Абай даңғылында  8 жастағы қыз баланы № 206 маршрутка қағып кеткен болатын.  Жол апаты «Старый подхоз» аялдамасының маңында орын алған.


Бұл оқиғаға қатысты Өскемен қалалық № 2 сотында сот процесі басталғаны туралы хабарлаған едік. 13 тамызда процесс аяқталып,  сот үкім шығарды. Адам өліміне әкелген жол апатына кінәлі жүргізуші 2,5 жылға сотталып отыр.


Оқиға қалай өрбіген еді? Өмірінің соңғы күнінде үшінші сынып оқушысы мектептен үйіне жалғыз қайтып келе жатады. Күнделікті әкесі алып кететін, бірақ сол күні шұғыл жұмыстары пайда болып қалды.


Әлеуметтік желілірде таралған бейнежазбада қыз бала жаяу жүргіншілер өткелінің тұсында біршама уақыт кідіріп, өте алмай тұрғанын көруге болады. "ГАЗель" көлігі жол бергенде ғана бүлдіршін алға жүреді. Алайда арғы жақтан келе жатқан микроавтобустың жүргізушісі оны байқамай қалып, қағып кетті. Қыз оқиға орнында көз жұмды.


Жүргізушінің айтуынша, ол жолдан жүгіріп өтіп бара жатқан қызды екі метрдей арақашықтық қалғанда ғана көріпті. Жол апатын болдырмауға тырысып, солға қарай бұрылып кетсе де, үлгере алмаған екен. Куәгерлердің сөзіне сүйенсек, жол апаты кезінде микроавтобустың жылдамдығы шамамен сағатына 60 шақырым болған.


Сотта айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, қыздың ата-анасынан кешірім сұрады. Бірақ өзін бас бостандығынан айырмауды өтінді. Ол жұмыс істеп, келтірген залалдын өтегісі келетінін айтты. Алайда қайғыдан қан жұтқан ата-ана кешіруге ниетті емес екенін анық білдіріп отыр.


Сот шешімі бойынша жүргізуші 2,5 жыл бас бостандығынан және бес жылға жүргізушілік құқығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазасын қоныс колониясында өтейтін болады. Сонымен қатар, сот шығындарымен қатар  зардап шеккен тарапқа алты миллион теңге өтемақы төлеуге міндеттілді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив