KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, С
480.61 534.53 5.28

Ертең Сібенің Шалқар көлінде дайверлер фестивалі басталады

27.07.2018, 08:14 271

Фестивальдің іс-шаралары екі күнге – 28-29 шілдеге жоспарланған. Қатысуға ниетті кез келген адам су астына сүңгіп көре алады. Ал тәжірибелі дайверлер арасында жарыс өтеді екен.


Фестивальдің ұйымдастырушылары – Ұлан ауданының әкімдігі мен «Сібе» Дайвинг-орталығы.  Аталмыш мекемелердің ресми сайттарында іс-шараның бағдарламасы жарияланған.


Фестиваль 28 шілде күні сағат 10.00-де Сібенің үшінші көлі Шалқарда басталады. Қатысушылар күні бойы суға сүңгіп үйрене алады. Ал тәжірибелі дайверлер таңертеңнен түскі уақытқа дейін жарысқа қатысады. Түстен кейін дайв-гидпен бірге су астына экскурсия ұйымдастырылмақшы.


Сағат 17.00-ден 21.00-ге дейін жағажай қонақтарына арналған концерттік бағдарлама мен би кеші өтеді. Түнгі уақытта фестиваль қатысушыларына арнап көл жағалауына шатырлы лагерь құрылады. 29 шілде күні фестиваль жалғасын табады.


Шалқар көліне дейін өз көліктеріңізбен немесе Өскемен автовокзалынан 8.00-де автобуспен жетуге болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив