KZ
Өскемен
+11°
ясно жел 1 м/с, С
478.96 533.03 5.22

«Толағай» шатырлы спорттық лагері алғашқы балғындарды қабылдады

9.07.2013, 18:00 311


Күршім ауданындағы Бурабай ауылында «Толағай» шатырлы спорттық лагері салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Лагерьдің ашылу рәсіміне аудан әкімі А.Сейітов, мекеме, бөлім басшылары, қоғамдық ұйым, және БАҚ өкілдері жиналды.

Жазғы лагерьде бір ауысымда 50 бала дем алады. 5 орынды 10 палатка, медициналық пункт, бұдан басқа штабқа және балалардың тамақтануына арналған палаткалар құрылған . Балғындардың табиғат аясында таза ауа жұтып, спортпен айналысуларына барлық жағдай жасалған. Оларға туған өлкені тереңірек зерттеу мақсатында туристік саяхаттар ұйымдастырылмақ.

Спорт лагерінің ашылуына жиналғандар өздерінің сый-сияпаттарын көрсетті. Аудан әкімі А.Сейітов лагерьге теледидарды сыйға тартты. Бұдан басқа мекеме басшылары, кәсіпкерлер демеушілік ретінде ақшалай және әр түрлі қажетті сыйлықтар әкелді.

«Толағай» шатырлы спорттық лагері алғашқы балғындарды қабылдады
«Толағай» шатырлы спорттық лагері алғашқы балғындарды қабылдады
«Толағай» шатырлы спорттық лагері алғашқы балғындарды қабылдады

Салтанатты жиын концерттік бағдарламамен жалғасты. Кеш соңында 1971 жылғы мектеп бітіруші түлектердің демеушілігімен волейбол жарыстары ұйымдастырылды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив