KZ
Өскемен
+7°
переменная облачность жел 2 м/с, В
480.61 534.53 5.28

Жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыруға болады

19.07.2018, 06:27 235

1,6 мыңнан астам қазақстандықтар жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыру қызметін пайдаланды. Айта кетсек, енді жүргізуші куәлігін үкіметтің электронды порталы арқылы ауыстыруға болады.


Онлайн әдіс ыңғайлы әрі уақыт үнемдейді. Ол үшін egov.kz порталына кіріп, өтінімді толтырып, өзіңіздің электронды-сандық қол таңбаңызды қалдыру қажет. Сондай-ақ, фотосурет пен қолыңыз қойылған қағаздың скан-көшірмесі де қосымша жүктеліге тиіс.


Құжаттың дайын болуы туралы хабрлама СМС арқылы немесе жеке кабинетіңізге келіп түседі.


Жаңа куәлікті алу үшін арнайы ХҚКО бөлімдеріне барып, ауыстыратын жүргізуші куәлігін, жеке бас куәлігін, өтінімді және 3 006, 25 теңге көлеміндегі мемлекеттік баждың төленуі туралы электронды чекты көрсету керек.


Егер жүргізуші куәлігін мерзімі өткеннен кейін ауыстырған болса, онда психо-және нарко-диспансерден анықтамалар мен 083 формасындағы медициналық анықтама алуы тиіс.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив