KZ
Өскемен
+7°
переменная облачность жел 2 м/с, В
480.61 534.53 5.28

Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қоры «Ашық есік күніне» шақырады

12.06.2018, 10:12 218

«БЖЗҚ» АҚ тұрғындарды 2018 жылдың 20 маусымында сағат 10:00 мен 17:00 аралығында Өскемен қаласы, Жеңіс даңғылы 3/2 үй мекенжайында өтетін «Ашық есік күніне» шақырады. Тақырыбы: «Зейнетақы жарналары. Жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы хабарлау әдістері».


Шараға қатысушыларға келесі зейнетақы жинақтарының түрлері туралы жан-жақты ақпарат беріледі:

- міндетті зейнетақы жинақтары;

- міндетті кәсіби зейнетақы жинақтары;

- ерікті зейнетақы жинақтары туралы.


Бұған қоса, жеке зейнетақы шотыңыздың (ЖЗШ) жай-күйі туралы мәлімет алу әдістері туралы біле аласыздар:

- пошта арқылы;

- электрондық пошта арқылы;

- www.enpf.kz сайтында «Жеке кабинет» ашу арқылы;

- «e-mail–ге ЖЗШ-дан үзінді-көшірме алу» электрондық сервисі арқылы;

- ENPF мобильді қосымшасы арқылы;

- EGOV.KZ электрондық үкіметінің порталы арқылы.


Сонымен қатар, мамандар зейнетақымен қамтамасыз ету саласына қатысты сауалдар бойынша жеке кеңес беруге дайын. Толығырақ enpf.kz сайтынан білуге болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив