ШҚО мен Ресей арасында «Әдеби белдеу» жобасы жүзеге аспақ
Шығыс Қазақстан мен Ресей арасында «Әдеби белдеу» жобасы жүзеге аспақ. Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов ҚР-дағы Ресейдің Төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкинмен кездесу кезінде айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл қызметке жуықта тағайындалған Алексей Бородавкинді Даниал Ахметов өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуымен қысқаша таныстырып өтті.
«Ресеймен бауырластық қарым-қатынасты сақтау өте маңызды. ШҚО мен РФ арасында дәстүрлі "Алтай - біздің ортақ үйіміз" мәдени-гуманитарлық бағдарламасы аясында жылдар бойы қалыптасқан тығыз қарым-қатынасымыз тек нығая түсуде. Жобаны ары қарай да қолдау қажет. Мәдени серіктестікті нығайту үшін туристерге арналған «Әдеби белдеу» жобасын ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз», - деді Даниал Ахметов.
Өз кезегінде Ресей елшісі сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық, туристік салалардағы екіжақты қарым-қатынасты ары қарай дамытуға мүдделі екенін жеткізді.