KZ
Өскемен
+3°
небольшая облачность жел 3 м/с, СШ
479.23 534.96 5.16

Шаштаразы болмаған ШҚО-ның ауылында салон ашылды

21.04.2018, 02:02 112

Бородулиха ауданына қарасты Дмитриевка ауылының тұрғындары көптен бері ауылға шаштараз салонының  қажет екендігін айтып келген. Жуықта кәсіпкер Ольга Ступак жерлестерінің бұл тілектеріне құлақ асып, ауылдың ортасынан шаштараз салонын ашты.


Жаңа ғимараттың ашылуына ауданы әкімі Григорий Аулов  қатысып, кәсіпкердің еңбегіне жеміс тілеп, бұл игі істің  ауыл тұрғындарына тигізер ықпалының мол болатынына сенімін білдірді.


Заманауи үлгіде жабдықталған  салон ауылдықтардың көңілінен шықты. Сондай-ақ жаңа жұмыс орнының ашылуына да мұрындық болды. Алдағы уақытта мұнда үш адам қызмет ететін болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив