KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
480.61 534.53 5.28

Ата-аналар арасында спартакиада өтті

19.04.2018, 15:58 106

Ата-аналармен тығыз қарым –қатынас орнату Зияткерлік мектептердің басты қағидаларының бірі деп айтсақ артық айтпағанымыз. Өскелең ұрпақ тәрбиесінде ортақ шешім қабылдап, байламды ойларды бір арнаға тоғыстыратын ұжым мен ата-ана арасындағы байланыс қоғамдық істерде де айқын көрініс беріп отыр. Олай дейтініміз, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ филиалдары ата-аналарының арасындағы әріптестікті тереңдете түсу мен олардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырған ауқымды шара жоғарыда айтқан сөзіміздің  дәлелі болса керек.


Жуырда көршілес Павлодар қаласында Зияткерлік мектеп оқушыларының ата- аналары арасында І желілік спартакиада өтті. Спорттық додаға Өскемен, Семей,Павлодар қалаларының намысын қорғаған командалар өз араларында кіл мықтыларда анықтады. Кілең ата-аналардан жасақталған команда мүшелері спартакиада ережесіне сәйкес, волейбол, үстел теннисі, шахмат және тоғызқұмалақтан сынға түсті. Семейдегі Назарбаев зияткерлік мектебінің атынан шыққан 10 ата-ана өздерінің спортқа деген ептіліктерін көрсетіп, жарыстың барлық түрлеріне белсене қатысты.


Нәтижесінде жекелей жарыс түрлері бойынша волейбол мен үстел теннисінен 2-ші орыннан көрінсе, шахматтан 1-орынға лайықты деп танылып, тоғызқұмалақтан 3-ші орынға ие болды. Осылайша, жарыс қорытындысы бойынша командалық есепте 2 орынға ие болып, Кереку жерінен абыройлы қайтты.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив