KZ
Өскемен
+5°
переменная облачность жел 2 м/с, В
480.61 534.53 5.28

Ірі сауда үйінде өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді

19.04.2018, 07:15 105

Облыс орталығындағы  «АДК» сауда орталығына күніне 3000-нан астам тұтынушы келеді, демалыс күндері бұл сан бұдан да көп. Кешеннің үлкен аумағы көптеген сауду бөлімдері мен балалардың ойын-сауық алаңын орналастыруға мүмкіндік берген. Сол себепті адам аяғы қалың осындай орында өрт-тактикалық оқу-жаттығуларын өткізу де өте маңызды болды.


Сценарий бойынша өрт балалардың ойын алаңында шығып, өртке қарсы қызмет мамандары оқиға орнына дереу жетеді. Құтқарушылар келгенше сауда үйінің күзетшілері 50 адамды басқа жаққа көшіріп үлгерді.


[su_slider source="media: 28998,28999,29000,29001,29002,29003,29004"]


Алайда түтін жайылған ойын залында әлі де үш адам қалып қойған еді. Оларды да өрт сөндірушілер құтқарып, дәрігерлік көмек көрсету үшін апат медицинасы орталығының  дәрігерлеріне  тапсырады.


Нысанның әкімшілігі мен персонал маңызды шараның өткізілуіне түсіністікпен қарағанын айта кеткен орынды. Адамдарды басқа жаққа көшіру ешқандай кедергісіз, жинақы түрде жүзеге асты. Тұрғындардың қауіпсіздігі мен тәртібін жаттығуларға ат салысқан Өскемен қаласы жергілікті полиция қызметінің мамандары қамтамасыз етті.


Өрт сөндірушілер де шұғыл іс-қимылдарын көрсете білді. Олар дабыл қағыла салысымен оқиға орнына дереу жетіп, арнайы құралдарды нормативте белгіленген мерзімде орнатып, оқиға орнын зерттеуді сауатты жүргізді, шартты өртті сөндірді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив