KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, СБ
480.61 534.53 5.28

Креативті жастардың арқасында Өскеменде ерекше аялдама пайда болды

4.04.2018, 07:34 115

Өскемендегі «Пушкин кітапханасы» автобус аялдамасы интербелсенді аялдамаға айналды. Осылайша өскемендік студенті Райхан Алханованың тың идеясы іс жүзіне асырылып отыр.


«Оқы. Читай. Read» аталатын интербелсенді аялдаманы жасау – Start-Up аясындағы жобаны қорғап шыққан Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ студенті Райхан Алханованың идеясы.



Аялдама айналасына тегін Wi-fi шашады. Осы жерде адамдар өз смартфондарына электронды кітаптар жүктей алады. Сонымен қатар, кәдімгі қағаз кітаптар сөресі де бар, одан оқуға кітап алуға болады, үйде жатқан кітабыңызды көпшілік игілігі үшін осында әкеп қоюыңызға да болады. Заманауи аялдама бейнебақылау камераларымен жабдықталғанын да ескерткіміз келеді.



Наурыздың аяғында іске қосылған аялдама қалалықтардың көңілінен шығып отыр. Мұнда Абайдың «Қара сөздері», Антуан де Сент-Экзюперидің «Кішкентай ханзадасы», Агата Кристидің қызықты әңгімелері, әлбетте әлем классигі атанған Пушкиннің өлеңдері және өзге де ақын-жазушылардың туындылары қойылған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив