KZ
Өскемен
ясно жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Қытай стандарттары бойынша сертификаттау зертханасы қазан айында ашылады

23.02.2018, 06:08 275

Облыстың барлық әлеуметтік-экономикалық салалары ішінде қазіргі кезде аграрлық сектор ең басты бағыттардың бірі болып отыр. Бұл туралы аймақ басшысы Даниал Ахметов халық алдындағы есеп беру кездесуінде мәлім етті.


Облыс басшылығы алға қойып отырған ең басты міндет – өңірдің мал етін экспорттау әлеуетін арттыру.  Өткен жылы Шығыс Қазақстанда 270 мың тонна ет өндірілген, осы көрсеткіш бойынша облыс елімізде 2 орын алып отыр. Қазақстанда өндірілген ет пен ет өнімдерінің 15 проценті – біздің облысқа тиесілі.


Мал етін және өзге де ауыл шаруашылығы өнімдерін шетелге экспорттау, оның ішінде Шығыстағы көршіміз – Қытайға көптеп шығару үшін облыс маңызды қадамдарға барып отыр. Атап айтқанда, қазір облыс орталығында қытай стандарттары бойынша сертификаттау зертханасы салынуда. Ол зертхана осы жылдың қазан айында салынып бітеді.


Ол іске қосылған соң агроөнімдерді сонда сертификаттап, кедергісіз Қытайға саудалауға болады. Қытайда біздің өнімдерге сұрансы өте жоғары.


Ирандық «Агропортал» компаниясы 1,5 миллион теңгенің құрал-жабдықтарын сатып алып, Семейде ет комбинатын салуда. Ол іске қосылған соң өнімдері Иран еліне жөнелтіледі.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив