Семейде зағип жандарға арналған кітапхана салынып жатыр
t.me/semeyakimdigi
Зағип және нашар көретін азаматтарына арналған арнайы кітапхана ғимаратының құрылысы жыл соңына дейін аяқталмақ, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Кітапхана құрылысы "Кемелді қадам" қоғамдық қоры арқылы жүзеге асуда. "Кемелді қадам" қоғамдық қоры қала әкімдігімен бірлесе ынтымақтастық туралы меморандумның негізінде "Абай облысының кітапханаларын заманауи стандарттарға дейін жаңғырту" жобасы аясында 2024 жылдың соңына дейін Семей қаласының Зағип және нашар көретін азаматтарына арналған арнайы кітапхана ғимаратының құрылысын аяқтауды жоспарлап отыр.
Сондықтан бұл жобаның басты міндеті білім беру қызметінің заманауи интерактивті және коммуникативті түрлерін құру арқылы келушілердің зияткерлік бос уақытқа деген қызығушылығын қайтару болып табылады.