KZ
Өскемен
+1°
ясно Штиль
479.23 534.96 5.16

Алакөлдің жағалауында бесжұлдызды қонақүй салынады

20.02.2018, 04:01 203

Жақын болашақта Алакөл көлінің жағалауында 700 орынға арналған бесжұлдызды қонақүй бой көтермек. Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылы басталады.


-2015 жылы «Алтай Invest» форумының аясында меморандумға қол қойылған болатын, - дейді ШҚО туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Жасұлан Сәрсебаев. – Ол жерде қол қойылған келісімдердің барлығы жүзеге асырылды. Соның бірі -«Керуен Плаза» қонақүйі.

Аталмыш нысанның құрылысы айтарлықтай ұзақ уақытқа созылып келе жатыр екен. Оның себебі Алакөлде бұрын соңды мұндай ірі жобалар қолға алынбаған.


-Ол жерлерде өте көп мөлшерде құрылыс материалдары болатындықтан, алдымен жердегі топырақты нығыздау керек, - деп түсіндірді басқарма басшысы. – Бұл жұмыстарға бір жылдай уақыт кетті.

Болашақ қонақүйдің құрылысы осы жылы бастау алмақ. Құрылыс жұмыстарына 10 гектар жер телімі берілген екен. Қазір құрылыс компаниясы нығыздау, тегістеу, сеппе жұмыстарын толықтай аятап, тиісті құжаттарды рәсімдеп болған.


- Біз үшін бұл өте ірі, ұзақ мерзімді жоба, - дейді Жасұлан Сәрсебаев. – Ол сервистің жаңа деңгейін көрсете алады.

Жобаның толық аяқталуына екі жылдан кем емес уақыт кетеді деп болжанып отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив