KZ
Өскемен
-2°
ясно жел 1 м/с, С
480.61 534.53 5.28

Балалар хоккей ойнайды

31.01.2018, 04:14 224

Кожохово ауылында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында хоккей қорабы салынды. Оған «Иртышское» шаруа қожалығының басшысы Евгений Глухих демеушілік көрсетті.


Хоккей қорабының ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімінің орынбасары Сергей Мүбараков ауыл тұрғындарының әр бастамасына әрдайым көмек көрсетіп жүрген кәсіпкерге алғыс білдірді.


-Ауданда жастардың салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғалданып, білімді болуларына барлық жағдай жасалуда. Сол себептен, кейінгі буын ел игілігі үшін қызмет етулері керек, – дейді Сергей Мүбараков.

Ауылды абаттандыру жұмыстарына атсалысып, жерлестерінен көмегін аямайтын кәсіпкерге жерлестері алғыс білдірді. Осыдан бастап балалар бос уақыттарында коньки теуіп, шайбалы хоккеймен айналыспақ.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив