KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, С
480.61 534.53 5.28

Кәсіпорындар 3500 жұмысшының еңбекақысын бермей келген

18.11.2017, 04:08 100

Биыл 270  кәсіпорын өз жұмысшыларына еңбекақы бойынша берешек болып қалған. Осылайша облыста 3500 жұмысшы   жалақыларын уақтылы ала алмай келген.  2017 жылдың 10 айындағы жалпы қарыз сомасы - 538 миллион теңгені көрсетті.  Осыған орай 400-ге  жуық  адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


- Жұмысшылар алдындағы қарыз әсіресе тау-кен, өңдеужәне құрылыс компанияларында белең алған. Көбінесе еңбекақы кәсіпорындардың ауыр қаржылық жағдайына орай кешіктіріліп отырған, - деді ШҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқарма басшысының орынбасары Қайрат Абылқайыров өз сөзінде.


Инспекцияның прокуратура және облыстық әкімдікпен бірлесе атқарған кешенді шараларының арқасында 267  мекемеде жалпы сомасы 450 миллон теңгенің қарызы қайтарылды. 3100 жұмысшы өздері көптен күткен еңбекақыларына қол жеткізіп,құқықтары қорғалды.  Бүгінгі күні  қалған кәсіпорындардың  берешек сомасы  жалпы 84 миллион теңгені құрап тұр.


- 2016-шы жылдың қараша айынан бастап  еңбекақыны төлемеуге байланысты мемлекеттік инспекторлардың ұйғарымы сотта қаралмайтын болған.  Өйткені инспектор еңбекақы берешегі бойынша берілген арызда арызда үшінші тұлға болып тұр,-деді Қайрат Әбілқайыров. - Оның үстіне «Прокуратура бойынша жаңа заңда» осы жылдың маусымынан бастап  прокуратура жұмыс ұсынушыға, еңбекақыны уақтылы төлеуді міндеттейтін  ұйғарым жібере алмайды. Мінеки, осы себепті  біз мемлекеттік инспекторлар ұйғарымын орындау құжаттарының тізіміне қосуды сұрап, прокуратурамен бірлесе отырып  Министрлікке хат жолдадық.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив