Халық несиесін төлей алмай жатыр, мерзімінен кешіккен қарыз – 691,9 млрд теңге
Қазақстандықтардың банк алдындағы қарызы 700 млрд теңге жуық, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Реттеуші банктің мәліметтеріне сүйенсек, 1 шілдедегі ақуал бойынша несиелердің жалпы көлемі 4 544 млрд теңгені құрайды. Төлем мерзімінен кешіктірілген қарыз – 691,9 млрд теңге. Несие алушылардың жалпы саны 4,58 млн адам. Ал шағын қаржы ұйымдарындағы қарыздардың жалпы сомасы 188,1 млрд теңге болса, несие алушылар саны 306, 8 мың адам.
«1 шілдедегі ақуал бойынша 379,2 мың несие алушы төлемді мерзімінен 90 күн кешіктіруде» дейді Ұлттық банктешілер.
Оқи отырыңыз