KZ
Өскемен
+2°
переменная облачность жел 2 м/с, Ю
480.63 535.13 5.27

Зайсан қаласында ет комбинаты іске қосылады

4.09.2017, 03:45 191

Зайсан қаласында ет комбинаты іске қосылады. Шығыс Қазақстан облысындағы жылына 330 тоннаға дейін ет өңдейтін кәсіпорынның өнімдері негізінен экспортқа шығарылады.


Қазір мал сою цехы мен зертхана жұмысын бастап кеткен. Мұнда жергілікті тұрғындар еңбек етіп жатыр. Алдағы уақытта қосымша құрал-жабдықтар орнатылып, жоғарғы сапалы ет өнімдерін өңдейтін цехтар іске қосылады. Ал, мемлекет инфрақұрылымдық жүйелер тартуға кеткен қаражаттың жартысын субсидиялайды.


- Болашақта осы жерден ет өнімдерінен консерві және колбаса жасауды жоспарлап отырмыз. Қазіргі таңда нақты ашылған жұмыс орны 8 адамға, болашақта 20-25 адамға жұмыс беруді көздеп отырмыз,-дейді ет комбинатының өндірістік директоры Азамат Жанымхан.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив