KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, СБ
480.61 534.53 5.28

«Балапан» бағдарламасы бойынша балалар мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылуда

13.03.2014, 18:00 339



Шығыс Қазақстан облыстық ақпарат орталығының мәліметіне жүгінсек, Күршім ауданында «Балапан» бағдарламасы нәтижелі жүзеге асырылып келеді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Ағымдағы оқу жылы басталғанда, ауданда 2-5 жас аралығындағы жалпы саны 1727 бала есепке алынып, олардың бәрі мектепке дейінгі тәрбиемен толық қамтылған.

Бұл өңірде биыл бүлдіршіндерді балабақшамен және шағын орталықтармен қамту көрсеткіші 143%-ды құрап отыр. Мәселен, кейінгі үш жылда Күршім ауылының өзінде «Болашақ» атты балабақша және елді мекендерде 12 шағын орталық, оның ішінде
8-і республикалық бағдарлама аясында ашылып, іске қосылыпты. Ал ауданда барлығы 1727 бүлдіршінді қамтыған 4 балабақша және 40 шағын орталық жұмыс істеп тұр қазір.

Ең маңыздысы, мектепке дейінгі тәрбие беру мекемелерінде балалардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасалған, тәрбиешілер тобы арнайы педагогикалық білімі бар мамандардан жасақталған.

Білім бөлімінің мәліметіне жүгінсек, өткен оқу жылының қорытындысы бойынша Күршім ауданы балаларды мектепке дейінгі тәрбие беру мекемелерімен қамту көрсеткіші жөнінен облыста екінші орынға шыққан.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив