KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 1 м/с, С
480.61 534.53 5.28

Тауда желбіреген туымызға былтыр 7 миллион теңгеге жуық қаржы жұмсалыпты

12.01.2014, 18:00 145



Мемлекеттік рәміздер мен «Қазақстан» жазуы орналасқан Ботпай тауында желбіреп тұрған туымыз өткен жылы алты мәрте ауыстырылыпты. Бір тудың бағасы 1 миллион 150 мың теңге, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Байрағымыз жауын-шашынның астында, желдің өтінде тұрғандықтан оны жиі ауыстыруға тура келеді екен. Көлденеңі - 24, ені – 12 метр болатын көк туымыз өткен жылы алты рет жаңаланып, оған Өскемен қаласының бюджетінен 7 миллион теңгеге жуық қаржы жұмсалған.

«Өскемен-Тәртіп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Алматыдан алдын ала бірнеше туды сатып әкеліп қойғанын айта кетуіміз қажет. Есесіне, көк байрағымыз желге жыртылмай, күннің көзіне оңбай жаңа күйінде жыл бойы желбіреп тұрды. Мемлекеттік рәміздерді жөндеу және туды ауыстырып орнату жұмыстарын «ЮА Трансстрой» ЖШС қала бюджеті есебінен атқарып келеді.

Дарын Нұрсапаров
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив