KZ
Өскемен
+7°
переменная облачность жел 2 м/с, В
480.61 534.53 5.28

Өскеменде Қазақстан – Ресей орман форумы өтті

27.09.2013, 18:00 206


Өскеменде Қазақстан – Ресей орман форумы өтті, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Оған Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және өкілетті елшісі Ғалым Оразбақов, Қоршаған ортаны қорғау министрінің орынбасары Ерлан Нысанбаев, Ресейдегі Сібір федеральды округінің орман шаруашылығы агенттігінің өкілі Петр Глухих, Ресейдің Алтай өлкесі, Омск, Томск облыстары мен Татарстан Республикасының өкілдері, Қытайдың көршілес жатқан Зимунай ауданының әкімі, Қарағанды, Астана, Павлодар, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары табиғи ресурстар басқармаларының мамандары, ұлттық қорықтар мен парктер директорлары, орман шаруашылығы саласының өкілдері, кәсіпкерлер қатысты.

Халықаралық орман форумының алғаш рет Өскеменде өткізіліп отырғаны тегін емес.. Еліміздегі орман қорының 60 пайызға жуығын құрайтын орман облыс аумағының жеті пайыздан астам аумағын, 3,4 млн. гектар алқапты алып жатыр.Жыл сайын облыста бес-алты мың гектарға жас көшеттер егілуде. Елді мекендер маңына да жылына 200-250 түп ағаш отырғызылуда. Алайда, бүгінгі күні орман өнеркәсібі шаруашылығы артта қалуда. Аймақта шығарылып отырған өнімнің 0,6 пайызы ғана – аталған саланың үлесінде. Орман өнеркәсібінің әлеуеті әлі тиісті деңгейінде игерілмей жатыр. Салада ғылыми жетістіктерді пайдалану жағы да жетіспейді. Қазақстан және Ресей Президенттері екі елдің шекаралас аймақтарының ынтымақтастық байланысын арттыруға, аймақаралық интеграцияны дамытуға әркез назар аударып келеді. Қарашада екі мемлекет басшыларының қатысуымен шекаралас аймақтардың ынтымақтастық форумы өтпек. Қазанда облысқа Алтай өлкесінің губернаторы келеді.

Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және өкілетті елшісі Ғалым Оразбақов екі елдің, оның ішінде Ресеймен шекаралас жатқан Шығыс Қазақстанның орман шаруашылығы саласын дамытуға екі жақтың кәсіпкерлері үшін қазір Кеден одағы көлемінде, бір-тұтас экономикалық кеңістік аясында аса қолайлы кезең туып отырғанын, оның үстіне Қазақстанда ресейлік кәсіпкерлердің бірлескен кәсіпорындар құрып, инвестиция салуына салық саясатының тиімділігі, әкімшілік кедергілердің аздығы жағынан да мүмкіндік мол екендігін жеткізді. Қазақстан-да қосымша құн салығының өзі Ресейдегіден 6 пайызға төмен болып отыр. Орманды қайта өңдеу, жиһаз өнеркәсібін дамыту жағынан кенжелеп келе жатқан біздің елге қаржы салып, өңдеу өнеркәсібін ашудан Ресейдің де, Қазақстанның да кәсіпкерлері ұтылмайтынын, екі жақтың экономикалық байланыстарын арттыра беру бағыты алдағы уақытта да басты назарда болатынын атап айтты.

Жанаргүл Мұқатай

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив