KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, С
480.61 534.53 5.28

«Человек-Олень» жаңа деректі фильмі «Мәдениет» телеарнасынан көрсетіледі

25.09.2013, 18:00 208


28-қыркүйекте сағат 19.30-да орталық республикалық теледидардың «Мәдениет» арнасынан шығысқазақстандық кинорежиссер, Қазақстан Республикасы Журналистер одағының мүшесі, қоғам қайраткері А.П.Лаптевтің «Человек-Олень» жаңа деректі фильмі көрсетіледі . Туынды өр Алтайдың ақиық қаламгері - Оралхан Бөкейге арналған, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Фильмнің тұсаукесері 25-қыркүйекте облыстық А.С. Пушкин атындағы кітапхананың мәжіліс залында өткен болатын.
«Человек-Олень» деректі фильмі Оралхан Бөкейдің 70 жылдық мерейтойына орай әзірленді.

«Человек-Олень» жаңа деректі фильмі «Мәдениет» телеарнасынан көрсетіледіАнатолий Павлович өзінің бір сұхбатында өмірден ерте озған дарынды жерлесіміз туралы фильм түсіруді ойға алып жүргенін айтқан болатын. Фильм авторы Оралхан Бөкейдің сырласы, Шығыс Қазақстанға бірге саяхат жасаған әрі шығармашылық жоспарларымен бірге бөліскен тағдыр иесі. Фильмнен Оралхан бейнесімен бірге көрнекті қоғам қайраткерлері орын алған. Олар: ЮНЕСКО-ғы Қазақстан өкілі – Олжас Сүлейменов, Қазақстанның мәдениет қайраткері, театр мен кино актері – Асанәлі Әшімов, ресейлік жазушы әрі қазақ прозасының аудармашысы – Анатолий Ким.

«Егер менің фильмімнен кейін адамдар Бөкейді қайта оқуды қаласа, мен өз мақсатыма жеттім деп есептеймін»,- дейді А.П.Лаптев.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив