KZ
Өскемен
+1°
ясно жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Семейде өрттен 27 адам құтқарылды

25.08.2013, 18:00 114


Семей қаласында бес қабатты тұрғын үйде шыққан өрт кезінде 27 адам, оның ішінде 7 бала бар, басқа жаққа көшірілді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Облыстық ТЖД-нің баспасөз парағында көрсетілгендей, тілсіз жау бесінші қабаттағы екі бөлмелі пәтерде шыққан. Құтқарушылардың айтуынша, қонақ бөлмедегі үй жиһаздарының ағаш құрандылары, жеке заттар, барлығы 20 шаршы метр жер от құшағына оранған. Соның салдарынан ғимараттың 27 тұрғынын басқа жаққа көшіруге тура келді. Алдын-ала болжам бойынша, өрт электрқондырғыларды орнату кезінде өрт қауіпсіздігін сақтамаудан орын алуы мүмкін.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив