KZ
Өскемен
+1°
ясно жел 0,3 м/с, Ю
480.63 535.13 5.27

Астана атауы қайдан шыққан?

6.07.2013, 18:00 409


- Кезінде облыс орталығы болған Целиноград әуелі Ақмолаға, кейін Астанаға айналды. Ал еліміздің бас қаласына қойылған Астана атауы қандай мағына береді? Жалпы, «астана» сөзінің түп-тамыры қайдан шыққан?

Қайрат Майжаров
Ізғұтты Айтықов ауылы,
Ұлан ауданы.

Жауап энциклопедиялық материалдар мен тарих ғылымдарының докторы Дархан Қыдырәлінің жазған деректері негізінде дайындалды.

– Көпшілікке белгілі, Астана атауы парсының «астан» деген сөзінен шыққан, парсы тілінде «табалдырық, босаға» деген мағына береді. Әйтсе де, бұл түбір сөз түркі тіліне енген¬нен кейін өзінің түпкі мағынасынан түбегейлі ауытқып кетті. Азия, Еуро¬па және Африкаға сөзін өткізіп, жар¬ты әлемге әмірі жүрген, кезінде Еура¬зия кеңістігіндегі ең алып империяға айналған Осман түріктері Стамбул қаласын алғаннан кейін, оны Аста¬на, дәлірек айтқанда, «Аситане» деп атай бастады. Біздіңше, Сыр бойынан үдере көшкен оғыздардың ұрпағы «табалдырық» деген мағына беретін бұл сөзді империя ас-
танасы үшін жайдан-жай таңдап алған жоқ еді. Табалдырық – түркі жұртының тәу етіп, қасиет, кие тұтатын орны. Қазақ әлі күнге дейін табалдырықта тұрғызбайды, табалдырықты бастырмайды, табалдырықтан оң аяғымен аттайды. Ұлт жадысына жатталып қалған бұл сенім сол уақытта түріктердің санасында да жаңғырып тұрды. Сондықтан олар үш құрлықты түйістірген, талайларға арман болған Ыстамбулды қасиетті құт мекенге балап, оны Астана деп атай бастады.

Астана сөзінің Осман түріктерінде бұдан өзге тағы бір мағынасы бар. «Қамус-и түрки» деген көне осман¬ тілінің сөздігіне жүгінер болсақ, Астана – әулие моласы, руханият ордасы, дәргәһ деген мағыналар береді екен. Мәселен, Мәулана Жалаледдин Руми негізін қалаған Мәулауи тариқатының орталығы мен әйгілі әулиенің қабірі орналасқан Қония қаласын Осман түріктері «Аситане-и Мәулауи» деп атаған. Бұл – Румидің мәңгілік қоныс тепкен жері және Мәулана тариқатының орталығы де¬ген ұғымды білдіреді.

Ендеше, Астана атауының Ақмоламен сабақтасатын тұсы да бар екен.

Дарын Нұрсапаров

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив