KZ
Өскемен
+5°
переменная облачность жел 2 м/с, В
480.61 534.53 5.28

Жол қозғалысын электронды бағдаршам реттеп тұр

31.03.2013, 18:00 193


Өскемен көшелеріне қажеттілігі талайдан бері айтылып жүрген бағдаршам ақыры орнатылды. Өтепов және Комсомол көшелерінің қиылысындағы жол қозғалысын қазір электронды бағдаршам реттеп тұр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Тұрғындарының саны күн санап артып келе жатқан аудандағы дәл осы көшелердің қиылысына бағдаршам баяғыдан-ақ сұранып тұр еді. ЖМК ауданының тұрғындары жоғарыға көптен бері осы мәселені шешу туралы өтініш-тілектерін айтып келген еді.

Қалада көлік көбейген сайын Өтепов және Комсомол көшелерінің түйісер тұсындағы қозғалыс қиындап кеткен. Бұрын ерсілі-қарсылы ағылған көліктер қиылыстан «кім жылдам» ережесі арқылы өтсе, енді жарық диодтары арқылы жұмыс істеп, уақытты кері санайтын заманауи құрылғының көмегіне жүгінетін болды. Енді көлік қозғалысы қайнап жатқан тағы бір қиылыста жол-көлік оқиғалары қаупінің азаятыны анық.

Айтпақшы, облыс орталығының бұдан басқа жерлеріне де жол реттегіш құрылғылар қойылады.

Дарын Нұрсапаров
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив