KZ
Өскемен
-1°
плотный туман Штиль
480.61 534.53 5.28

Алматыда ең дарынды болашық журналист анықталады

28.03.2013, 18:00 232


Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде журналистика мамандығы бойынша «Ең дарынды болашақ журналист» атты республикалық пәндік олимпиада өтіп жатыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz.

Бұл додада еліміздің әр аймағынан келген жоғарғы оқу орындарының ең үздік студенттерінен құралған он каманда бақ сынасуда.

Олимпиада ережесі бойынша студенттер сайыстың алғашқы турында журналисткиа мамандығының негізгі пәндері бойынша тест сұрақтарына жауап берсе, одан кейіңгі кезеңде «Ең үздік таныстыру» , «Ең үздік болашақ телерадиожурналист», «Ең үздік болашақ фотожурналист», «Ең үздік болашақ баспасөз және онлайн журналист» номинациялары бойынша өз біліктіліктерін көрсетеді.

«Олимпиада ойдағыдай өтіп жатыр. Біздің басты мақсатымыз – әр облыста журналистика мамандығы бойынша дәріс алып жүрген студенттердің бағыт-бағдарларын бағамдау, олармен байланыс орнату» - дейді Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Журналистика» факультеті деканының ғылыми-инновациялық істері жөніндегі орынбасары Қарлыға Мысаева.

Болашақ журналистерге «Жас Алаш» газетінің фотожурналисі Асылхан Әбдірайымұлы, «Азаттық» радиостанциясының Алматыдағы бөлімі бас редакторы Қуанышбек Қари, сондай-ақ «Түркістан» газетінің меншікті тілшісі, «Мінбер» журналистерді қолдау орталығының жетекшісі Есенгүл Кәпқызы, «Қазақстан» ұлттық арнасының продюсері Жаңыл Асылбекова және «Inspire» медиакомпаниясының бас директоры Ертай Нүсіпжанов төрелік етуде.

Олимпиада қорытындындысы әлі анықталған жоқ, бірақ сайысқа түскен әрбір топ өздерінің жеңіске лайық екендіктеріне сенімді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив