KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 2 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Облыс тұрғындары үшін электр қуатының бағасы 11,8 пайызға артты

7.01.2013, 18:00 192


1- қаңтардан бастап облыс тұрғындары үшін электр қуатының бағасы орта есеппен 11,8 пайызға қымбаттады. Мұндай шешімді Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің басшылығы қабылдады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Департамент директоры Қайрат Оразбаевтың ақпаратына сүйенсек, қарапайым жұртшылық үшін қуаттың орташа тарифі 10 пайызға, ал заңды тұлғаларға 14,4 пайызға көтерілген. Департамент директоры бағаның көтерілуінің үш себебін былайша талдап берді.

Біріншіден, ел Үкіметі мен өңірдегі энергия өндіруші стансалар арасында бағаны ЖЭО-лар және СЭС-тармен 8 пайызға өсіру жөнінде келісім жасалған.

Екіншіден, ағымдағы қаңтардан «ШҚ АЭК» АҚ-ның өңірлік желілері бойынша электр қуатын беру құны 50 пайызға артқан.

Үшіншіден, былтырғы 1 қазаннан бері «KEGOC» АҚ-ның өңіраралық желілері арқылы электр тарату қызметі 16 пайызға қымбаттаған.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив