KZ
Өскемен
+1°
ясно жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Тұрғын үй құрылысын жеделдететін құрастырмалы бетон каркастар Семейде шығарылады

2.01.2013, 18:00 167


Семейде алдағы уақытта көпқабатты тұрғын үй құрылысын жеделдететін құрастырылмалы бетон каркастар жасалады. 25 қабатты үй тұрғызуға болатын құрылыс материалдары арқылы 1 айдың ішінде 4 мың шаршы метрге дейін баспана қабырғаларын көтеруге болады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Құны 6 миллион доллар тұратын жаңа жобаны «Сәт – Транс ШҚО» ЖШС іске асырмақшы. Сферіктестік алдағы уақытта тұрғын үй құрылысына қажет дайын материалдар дайындайтын болады. Дәл қазір мекеме ауқымды жобаға барынша дайындық үстінде, оған қажет өндірістік кешендер, жылу қазандығы салынып жатыр. Теміржол тармағы да қарастырылған.

Мекеме Ресейдің «СТМ» компаниясымен әріптестік орнатып отыр екен. Жоба директоры Нұрлан Байбековтың айтуынша, каркас үш қабаттан тұрады, алдымен құм блогы, одан кейін жылу жібермейтін арнайы материал және сыртқы қасбет кірпіші. Бұл үш қабат кез келген аяздарға төтеп бере алады екен және өте сапалы.

Жазда іске қосылатын жаңа жоба 120 адамды жұмыспен қамтығалы отыр. Мекеме тек құрылыс материалын дайындап қана қоймай, баспана салу мәселесімен де айналысуды жоспарлаған екен, олар жоспарлап отырған көпқабатты тұрғын үйлердің сапасы мен сыртқы келбеті заман талабына сай болмақ.

Жоба директорының айтуынша, қазір үйлердің аулалары көлікке лық толып тұрады, бұрыш-бұрышқа қойылған темір гараждардың көп орын алатыны белгілі. Осыны ескерген құрылысшылар шетелдердегідей үйлердің астына көлік қаңтаратын орындарды да ойластырып қойыпты.

Дарын Нұрсапаров


Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив