KZ
Өскемен
+8°
небольшая облачность жел 3 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Аягөзде тісті германиялық аппаратпен емдейді

26.12.2012, 18:00 91


Аягөздегі тіс емдеу емханасы аймақта алғашқылардың бірі болып Германияда құрастырылған «Вектор» аппаратын сатып алды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.


Бұған дейін аудандағы тіс емханасы халыққа қажетті ем-домды қарапайым жолмен жүргізетін. Соның салдарынан өңірде қызыл иек ауруы дендеп, тұрғындардың мазасы кетіп жүрген еді. Жаңа қондырғы арқылы емхана тісті ультрадыбысты сканермен емдеуге және имплантанттарды еркін тазалауға мүмкіндік алып отыр. Осы арқылы тіс ауруының күрделі формаларын емдеуге де қол жеткізілген. Жаңа медициналық құрылғының арқасында тұрғындардың тісі сапалы емделіп қана қоймай, әлеуметтік жеңілдіктер де жасалады.

Қазір тіс емханасы ардагерлер мен тұрмысы төмен отбасы мүшелерін аптасына бір рет тегін қабылдайтын болып отыр.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив