Қазақстандықтар қай елдерге кедергісіз ұшып бара алады
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қазақстандықтардың қандай мемлекеттерге кедергісіз және карантиндік шектеусіз ұшып бара алатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Нақтырақ айтқанда төмендегі рейстер жанданған:
- Нұр-Сұлтан – Дубай – Нұр-Сұлтан (Эйр Астана – аптасына 3 рет, Fly Dubai – аптасына 5 рет);
- Алматы – Дубай – Алматы (Эйр Астана – аптасына 4 рет, Fly Dubai – аптасына 7 рет);
- Нұр-Сұлтан – Франкфурт – Нұр-Сұлтан (Эйр Астана – аптасына 5 рет);
- Орал – Франкфурт – Орал (Эйр Астана – аптасына 1 рет);
- Нұр-Сұлтан – Минск – Нұр-Сұлтан (Белавиа – аптасына 5 рет);
- Алматы – Минск – Алматы (Белавиа – аптасына 4 рет);
- Алматы – Киев – Алматы (Эйр Астана – аптасына 5 рет);
- Алматы – Сеул – Алматы (Эйр Астана – аптасына 1 рет, Asiana Airlines – аптасына 1 рет);
- Атырау – Амстердам – Атырау (Эйр Астана – аптасына 1 рет);
- Алматы – Ыстамбұл – Алматы (Эйр Астана – аптасына 9 рет, Turkish Airlines – аптасына 2 рет, Pegasus – аптасына 3 рет).
- Нұр-Сұлтан – Ыстанбұл – Нұр-Сұлтан (Эйр Астана – аптасына 5 рет, Turkish Airlines – аптасына 2 рет);
- Алматы – Анталья – Алматы (Эйр Астана – аптасына 7 рет);
- Нұр-Сұлтан – Анталья – Нұр-Сұлтан (Эйр Астана – аптасына 7 рет, Turkish Airlines – аптасына 4 рет);
- Атырау – Ыстанбұл – Атырау (Эйр Астана – аптасына 2 рет).