KZ
Өскемен
+1°
туман жел 1 м/с, С
480.61 534.53 5.28

Аягөз қаласында «Әлемдік бірлестікте танылған - Қазақстан» атты көрме ұйымдастырылды

19.11.2012, 18:00 195


Аягөз қаласында «Әлемдік бірлестікте танылған - Қазақстан» атты көрме жұмысы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Облыстық тарихи - өлкетану мұражайы Аягөз қаласына өзінің имидждік бағдарламасын ұсынды. Қаланың мектеп оқушылары «Әлемдік бірлестікте танылған- Қазақстан» атты көрмемен танысты, бұл көрмеде мәдениет пен экономиканың дамуы, Қазақстанның ішкі саясаты, халық көшбасшысы жайлы баяндалған Қазақстанның үздік фотошеберлерінің фотосуреттері көрсетілді.

Үлкен қызығушылықпен мектеп оқытушылары мен оқушылары «Ежелгі қорғандардың байлығы» атты көрмемен танысты, бұл көрмеде Берел және Шілікті қорымдарынан табылған жәдігерлер және басқада ерте темір дәуіріне жататын ескерткіштер жайлы айтылды. Ерекше қызығушылық тудырған сақ-сібірлік аңшылық стильде жасалған: арқарлар бейнесі, алтыннан және ағаштан жасалған бұлан сынды қолөнер туындылары. Мектеп және лицей оқушылары үлкен қызығушылықпен «Табиғатыңты қорғасаң - Отаныңды қорғайсың» атты көрме мағлұматтарын қарастырды, бұл көрмеде Шығыс Қазақстан жануарлары мен өсімдіктер суреттері және жануарлар тұлыптары көрсетілді.

Аягөз аудандық мұражайының ашылу қарсаңында, облыстық тарихи-өлкетану мұражайы оларға құстар тұлыптарын, жануарлар мен аймақтық өсімдік әлемінің суреттерін және өлке тарихының мағлұматтарын табыс етті, және жинақтау мен экспозициялық-көрме жұмыстарына методикалық көмек көрсетілді.

Облыс мекемелерінің мәдениет және өнер саласында ведомствалық өзара іс-әрекет бойынша ынтымақтастықтары жалғасын табады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив