KZ
Өскемен
+5°
переменная облачность жел 4 м/с, СБ
480.63 535.13 5.27

Өңірімізде тұрақсыз ауа райы күтілуде

11.06.2012, 18:00 152



Шығыс Қазақстан аумағында атмосфералық фронтальдық ағымдардың өтуімен тұрақсыз ауа райы күтіледі - жаңбырлар өтіп, найзағай жарқылдайды, бұршақ түсуі мүмкін, жел күшейеді.

Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасаған ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлайды.

Жамбыл, Шығыс Қазақстан, күндіз Қостанай және Алматы облыстарында жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Қызылорда облысында, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау, Алматы облыстарының кейбір жерлерінде, Қарағанды, Қостанай облыстарының оңтүстігінде төтенше жоғары өрт қауіптілігі сақталады.

Жақын тәуліктерде республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығысындағы таулы өзендерде су деңгейлерінің ауытқулары сақталады




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив