Облыстың табиғат қорғау полициясы «Уылдырық-2012» операциясының басталуынан бері 640 келіден астам заңсыз ауланған балық, ұзындығы 8 шақырым 102 торлы ау мен 12 қайық тәркіледі.
Табиғатты қорғау полициясы Зайсан-Ертіс бассейнінің балық қорын сақтау бойынша кешенді шаралардың өткізілгендігін атап өтті.
Табиғатты қорғау және ветеринарлық инспекция бөлімінің бастығы Батырхан Сүлейменовтың айтуынша, уылдырық шашатын орындарда, оларға апаратын көші-қон жолдарында, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда полицияның көшпелі бекеттері ұйымдастырылып, жолдар мен Бұқтырма су қоймасының жағалауына Ми-2 тікұшағымен патрульдеу жүргізілді.
«Уылдырық-2012» операциясының басталуынан бері 237 тәртіпбұзушылық анықталып, 196 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, Күршім ауданында балықты заңсыз аулау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, 750 мыңнан астам айыппұл төленді. 40 материал сотқа жіберілді.