KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Ақсақалдар халық әндерін әуелетті

11.05.2012, 18:00 184


Алмасай ауылында «Атамұра» өнер ұжымы мерекелік концерт өткізді. Бұл өнер ұжымында 11 ақсақал халық әндерін елге тарту етіп жүр.

Мерекелік концертке арнайы шақырылған аудан басшылығы «Атамұра» тобына өскелең ұрпаққа мәдени мұрамызды насихаттап, үлкен игі жұмыстарда белсенділік көрсеткені үшін рақмет айтып, аудан әкімінің Құрмет грамотасын тапсырды. Осы ұжымның үйлестірушісі, Алмасай ауылында көп жылдар бойы тұрып, еңбек еткен азамат, еңбек ардагері Е.Сәдуақасовты 70 жылдық мерейтойымен құттықтап, иығына шапан жапты.

Концерттік іс-шараға «Шығыс Қазақстан облысы аумақтық аз қамтылған азаматтарды қолдау» қорының директоры С.Ғайса келіп, 15 аз қамтылған отбасының балаларына сыйлықтар табыс етті.

Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив